Жас жол инспекторлары жасағының жұмысы аясында "Жол қозғалысы ережелерінің негізгі белгілері"дидактикалық ойыны өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың негізгі жол белгілерінің маңыздылығы туралы білімдерін бекіту, зейінін, есте сақтау қабілетін және білімді практикалық жағдайларда қолдану қабілетін дамыту.
Іс-шара барысында білім алушылар жол белгілерінің топтарын, олардың мақсаты мен ерекшеліктерін қайталады. Ойын командалық жарыс түрінде өтті: қатысушылар белгілердің суреттерін олардың атаулары мен мағыналарымен байланыстырды, жол жағдайларын талдады, жаяу жүргіншінің дұрыс әрекеттерін анықтады.
Оқушылар негізгі жол белгілері туралы сенімді білімдерін көрсетті, жол жағдайларын талдау кезінде зейін мен жауапкершілік деңгейін арттырды. Іс-шара жолда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.






