English Quest «Polyglot»
Тілдер апталығы аясында 6 сынып оқушыларына арналған "Polyglot" ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Квест барысында балалар бірнеше қызықты кезеңдерден өтті:
«Polyglot Challenge», «Proverbs», «Writing Race», «Puzzle», «Roll the Dice».
Іс-шара оқушыларға ағылшын тілі бойынша білімдерін бекітіп қана қоймай, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінің арасындағы байланысты көруге, сөздік қорын кеңейтуге, тілдік болжамды, логикалық ойлауды, коммуникативтік дағдыларды және командада жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.
Ағылшын тіліндегі "Полиглот" квесті динамикалық, қызықты және эмоционалды түрде өтті. Оқушылар тілдерді үйренуге жоғары белсенділік, қызығушылық және оң көзқарас танытты.
Ағылшын тілі мұғалімі И.Н. Бобринская







