Педагог психолог 1 сынып оқушыларымен "жақсылық пен сыпайылық аумағы"атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаттары: 1.Сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру: балаларға күнделікті өмірде сыпайылық пен мейірімділік негіздерін үйрету. 2.Эмоционалды интеллектті дамыту: балаларға жақсы істердің маңыздылығын және олардың басқаларға әсерін түсінуге көмектесу. 3.Достық атмосфераны құру: оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ету.

