Халық ақыны мен жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығын мерекелеу аясында "Гусаков орта мектебі" КММ - де "Жамбыл Жабаев-қазақ даласының ұлы ақыны"атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірбаяндық мәліметтерімен және шығармашылығымен таныстыру.
Кеш барысында оқушылар ақынның өмір жолы, оның қазақ әдебиеті тарихындағы рөлі туралы білді, өлеңдерін мәнерлеп оқыды, отансүйгіштік, батылдық және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарын талқылады.
Әдеби кеш көркем сөзге деген қызығушылықтың дамуына, ұлттық мәдениет пен тарихи жадқа құрметпен қараудың қалыптасуына ықпал етті. Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтті және балаларға жарқын әсер қалдырды.






