Облыстық экологиялық акция аясында "Радуга" мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілері ақпараттық-ағарту жұмыстарына қатысты. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары табиғи ресурстарды және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал ететін "10 экологиялық әдетті" күнделікті өмірге енгізудің маңыздылығы туралы түсіндірме әңгіме өткізді.
Алған білімдерін іс жүзінде бекіте отырып, балалар педагогтармен бірлесіп, халық арасында акция өткізу үшін қоғамдық орындарға шығуды ұйымдастырды. Лагерь қатысушылары тұрғындарға күнделікті өмірде экологиялық нормаларды сақтау бойынша арнайы дайындалған жадынамалар таратты. Іс-шара экологиялық сананы насихаттауға және жергілікті қоғамдастықты облыстық экологиялық бастаманы қолдауға тартуға ықпал етті.
#Экологиялық әдеттер_10_ экологиялық әдеттерден
#Мектеп жанындағы лагерь





