Біздің мектепте кәмелетке толмағандар ин жөніндегі инспектормен профилактикалық әңгіме өтті.
Кездесу барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен мінез-құлқына қатысты маңызды тақырыптар қозғалды. Алена Владимировна балаларға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде болу ережелері, Интернет желісінде күтіп тұрған қауіптер, сондай-ақ қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажеттілігі туралы айтып берді.
Балағат сөздерді қолдануға жол бермеуге, басқаларға құрметпен қараудың маңыздылығына, мінез-құлық нормаларын сақтауға және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.







