"Адал ұрпақ" мектеп клубының жұмысы аясында мектепте "Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет"сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Акция барысында клуб еріктілері оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық жадынамалар таратты. Сонымен қатар, жадынамалар алынған ақпаратпен танысу және бекіту үшін сынып бөлмелеріне орналастырылды.
Сондай-ақ, еріктілер сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыруға, оның салдары мен заңды сақтаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесі: оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның салдары және құқықтық мемлекет құрудағы әрбір азаматтың рөлі туралы білімдерін кеңейтті.










