📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар, оқушылар және демеушілер!
2026–2027 оқу жылының басталуына орай 01 тамыз – 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу.
Егер сіздің отбасыңызға мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешек немесе басқа да көмек қажет болса, мектеп әкімшілігіне немесе әлеуметтік педагогке хабарласуыңызды сұраймыз.
Қайырымды жандарды, кәсіпкерлер мен демеушілерді акцияға белсенді қатысып, балаларға қолдау көрсетуге шақырамыз. Сіздің көмегіңіз – әр баланың сапалы білім алуына қосқан үлкен үлес.
«Мектепке жол» акциясына бірге атсалысайық!
Жақсылық жаса – болашаққа жол аш!





