2-4 сынып оқушыларында Интернет желісінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында педагог-психолог "Мен және әлеуметтік желілер"тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар әлеуметтік желілер ұғымымен танысты, олардың мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдерін талқылады, желідегі қауіпсіз қарым-қатынас ережелері туралы білді. Жеке ақпаратты қорғау, қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ интернеттегі қажетсіз мазмұн мен қауіпті жағдайларды тану қабілетіне ерекше назар аударылды.






